«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 10 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күндіз 15-20 м/с күтіледі.
10-11 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 10 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10-11 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі күтіледі.