«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08-09 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 08-09 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 08-09 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 08-09 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.