Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 02 қыркүйекте облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 02-03 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. 02-03 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 02-03 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 02-03 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.