«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 29-30 тамыз аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.