«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 29 тамызда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 30 тамызда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 29 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 29-30 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі. 29-30 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.