«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 18 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 18 тамызда облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
18 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 18 тамызда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.