«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15-16 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
15 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 15-16 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 15 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. 15-16 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.