«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 тамызда Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 12 тамызда күндіз, 14 тамызда тәулік бойы солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
13-14 тамызда күндіз солтүстігінде, солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 12-14 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.