«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында, 11 тамызда облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 10-11 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 тамызда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
10-11 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 10-11 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.