«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01 тамызда күндіз, 02 тамызда тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-02 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 01-02 тамызда күндіз облыстың солтүстік-батысында 41 градус қатты ыстық күтіледі.
01-02 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 02 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 01-02 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. 01-02 тамызда жоғары өрт қауіпі күтіледі.