«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 шілдеде күндіз, 31 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 30, тәулік бойы 31 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 31 шілдеде облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі.
30-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 30-31 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі. 30-31 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.