«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
26 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 26 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.