«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.
25-28 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 25 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-39 градус қатты ыстық күтіледі.