«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 шілдеде таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
19 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 19 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.