«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17-18 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 17-18 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
17-18 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 17-18 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 17-18 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.