«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 шілдеде таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
16 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.