«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 16-18 шілде аралығында Жамбыл облысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.