«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11-12 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 11-12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 11 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 11 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.