Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09-10 шілдеде Жамбыл облысының тауда қатты жаңбыр күтіледі. 09 шілдеде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында, 10 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 09-10 шілдеде онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 10 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.