«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 шілдеде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 08 шілдеде таңертен және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.