«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24 маусымда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 25 маусымда таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-25 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 24-25 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Тараз қ.: 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі. 24 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.