«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, 23 маусым облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 22-23 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, 22 маусым найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 23 маусым күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 22-23 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі.
Тараз қ.: 23 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 23 маусымда 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.