«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 09-10 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 09 маусымда облыстың таулы аудандарында, күндіз 10 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.