«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 06-08 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 06 маусымда облыстың таулы аудандарында, 07-08 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі.