«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 03-05 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 03 маусымда таңертең және күндіз, 04-05 маусымда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
03-05 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.