«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 01-02 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 01 маусымда найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 02 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
01-02 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.