«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының түнде 5-10, облыстың таулы аудандарында 2, күндіз 13-18, облыстың таулыаудандарында 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында -2 градус үсік күтіледі.
Тараз қ.: 26 мамырда түнде ауа температурасының 5-7, күндіз 15-17 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.