«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.