Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 мамырда түнде Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.