«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 19 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.