«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 15 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.