«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 мамырда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 11 мамырда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.