«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10 мамырда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.