Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 мамырда күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 06 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 05 мамырда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, 06 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 05-06 мамырда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 05 мамырда таңертең және күндіз, 06 мамырда түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 05 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл, 06 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 05 мамырда таңертең және күндіз, 06 мамырда түнде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.