«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04 мамырда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 04 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.