«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 27 мен 29 сәуір аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Ескертпе: cонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда судың жайылуы мен су басуы мүмкін.