Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 23 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 23 сәуірде күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. 21-22 сәуірде күндіз, 23 сәуірде тәулік бойы облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 сәуірде облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 21-23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 21 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі.