«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 18 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 19-20 сәуірде күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 18-20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 18 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. 18-20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, 18-19 сәуірде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.