«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, Күндіз 15 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, түнде 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 15 сәуірде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16-17 сәуірде, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16 сәуірде найзағай күтіледі. Түнде 16 сәуірде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16 сәуірде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.