Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 сәуірде түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 10 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 11 сәуірде күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 09 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 09 сәуірде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.