«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 03 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, 04-05 сәуірде күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 03-05 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 04-05 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 04-05 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. 05 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.