«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес:
28 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 28 наурызда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
28 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 28 наурызда облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 29 наурызда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 28-30 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 28-30 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 28-29 наурызда күндіз, 30 наурызда түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 28-29 наурызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. 28-30 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 28-29 наурызда күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с, 30 наурызда түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.