«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 27 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 26-27 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 26-27 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 26 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 27 наурызда күндіз найзағай күтіледі. 26-27 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.