«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 наурызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өте қатты жаңбыр күтіледі. 21 наурызда таңертең және күндіз, 22 наурызда тәулік бойы облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
20 наурызда күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. 21 наурызда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. 22 наурызда облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. 20-22 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 20-22 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 21-22 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 20-22 наурызда найзағай, тұман күтіледі. 20 наурызда күндіз, 21-22 наурызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 21-22 наурызда кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.