«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 20 мен 22 наурыз аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.