«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 наурызда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 17-19 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 17-19 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 17 наурызда екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 19 наурызда күндіз найзағай күтіледі. 17-19 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.