Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 наурызда күндіз Жамбыл облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 09 наурызда күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 10 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 08-10 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 08 наурызда күндіз, 09-10 наурызда тәулік бойы күші 15-20 м/с, 09 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 09 наурызда күндіз найзағай күтіледі. 10 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 09 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.