«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05-07 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 07 наурызда оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 07 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 06-07 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 07 наурызда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.