«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 ақпанда - 01 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 01 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28 ақпанда – 01 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 28 ақпанда - 01 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. 01 наурызда күндіз кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.