Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25-27 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25-27 ақпанда күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 25-26 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда күндіз, 26-27 ақпанда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 25-27 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. 25-26 ақпанда күндіз кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.